2015 жылғы 17 маусым, Астана, Үкімет Үйі
«Сот приставтарын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 710 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Сот приставтарын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №710 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.